Абылай Әлімбетов (20.3. 1921, Шардара қаласы – 23.9.1973) – Кеңес Одағының Батыры (30.10.1943). 69- атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Ол және Украина жерлерінде болған шайқастарда сан рет батылдық пен тапқырлықтың үлгісін көрсетті. Днепр үшін шайқаста сержант Әлімбетов өзеннің оң жағасына өтіп, қолма-қол ұрыста 15 жау әскерін өлтірді. Соғыстан кейін Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітіріп (1955), полк командирінің орынбасары болып істеді. 1966 жылдан Әлімбетов Қызылорда, Алматы, Атырау облыстарында комитетін басқарды. 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Шардара ауданында оған ескерткіш қойылған.
Абылай Әлімбетов | |
Өмір сүрген жылдары | 1921-1973 |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | Шардара ауылы, Шардара болысы, Жизах ауданы, Самарқанд облысы, Түркістан АССР, РСФСР |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Қазақ КСР, КСРО |
Мемлекет | КСРО |
Қызмет еткен жылдары | 1942-1973 |
Әскери бөлімі | Жаяу |
Басқарды | ДОСААФ комитетінің төрағасы |
Шайқасы | Ұлы Отан Соғысы |
Марапаттары | Кеңес Одағының Батыры |
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|