- Аспара– 14 – 15 ғасырлардан сақталған көне қала орны.
Жетісу археол. экспедициясы (1938 — 40 ж. А.Н. Бернштам), 1964 — 65 ж. (Л.Б. Ерзакович) зерттеген. Қаланың құлаған қабырғаларының ұзындығы солт-де — 245 м, шығысында — 300 м, оңт-нде — 196 м және батысында — 150 м. Цитаделінің көлемі 190х160 м, биікт. 15 м. Қаланың негізгі бөлігі 5-12 ғ. аралығында қаланған. Дегенмен қазба жұмыстары кезінде оның солт.-шығыс бөлігінде орналасқан бөлігінің 14-15 ғ-да болғандығы дәлелденді. Ұлы Жібек жолының бойындағы қала ретінде А. Қытай және араб деректерінде (Сюань-Цзян, Ибн Кудам, Ибн Хордабех) жиі кездеседі. Қазба жұмыстары кезінде, мұнда 14 ғ-дың ақыры мен 15 ғ-дың басында Әмір Темір әскерлері тұрғаны анықталды.
- Тарихи деректер бойынша, Аспара - орта ғасырдағы қаланың орны Шу өзеніне құятын Аспара өзенінің жағасында, қазіргі Андас батыр ауылының шетінде. Алғаш В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам, одан кейін 1964-65 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Жұртының көлемі 10 га шамасында. Бекіністі қала дуалмен үшке бөлінген (қамал, шаһристан және қамалға жалғас кішігірім құрылыстар). Қаланың ХIII-XIV ғасырларға жататын қабатын зерттегенде жау шабуылынан қираған үйлер, қора-қопсы, үй ішінің жабдықтары, XV-XVІ ғасырлардың қабатынан берік қамалдың қираған жұрты, тұрғын үйлердің қалдықтары табылды.
Аспара қаласы жайында Темір тұсындағы мағлұматтар толығырақ. 1397-98 жж. Темір әскерлерін Мұхаммед Сұлтанның (Темірдің немересі) басқаруымен Талас, Шу алабында бірнеше қамалды жаңадан салып, біразын қайта жөндеген. Сөйтіп, Моғолстанға қарсы күреске әзірленген. Соның бірі - осы Аспара. Онда бір түмен Шағатай әскері тұрған. XVІ ғасырда Аспараның маңы Жәнібек баласы Қасым ханның қол астына қарағаны айтылады.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер