Таспа (Таспашөп, Сеңгірлек, (лат. Astragalus) – бұршақ тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін, бұта, бұташық өсімдіктер туысы.
Таспа | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||||
L. | ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
3000 түрі белгілі |
Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында тараған 3 мыңға жуық түрі бар. Бұдан малдың жеуіне жарайтындары — 70 шамалы. Соның ішіндегі бастылары: , қоңырау, , ақтаспа, , , , ақшатай, , , , , , тарбақай, , , , ақ тікен, , және тағы басқалар.
Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін 314 түрі белгілі. Қазақстанда Таспаның 75 түрі эндемиктер, 11 түрі өте сирек кездеседі, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Шалғынды далада, шөлді жерлерде, қиыршық тасты тау баурайында, құлама топырақ шөгіндісінде өседі. Биіктігі 15 – 100 см, сабағы түзу, түкті. Жапырағы сыңар қауырсын пішіндес. Тостағанша жапырақшалары түтік не қоңырау тәрізді. Гүлі сары, қызыл, ақ, кейде сарғыш түсті, олар шашақ, көбінесе масақ немесе шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Сәуір – тамызда гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – бұршақ, екі, кейде бір ұялы. Таспаның көпшілік түрі – мал азықтық және дәрілік өсімдіктер, біраз түрі қолдан егіледі. Құрамында алкалоид, глюкозид не сапонин болады, улы түрлері де бар.
Геодезияда – сызықтың ұзындығын тұрған орнында өлшеуге арналған геодезиялық аспап. Таспаны болаттан немесе ені 15 – 20 мм, қалыңд. 0,3 – 0,4 мм және ұзындығы 20 – 50 м, кейде 100 м-ге дейін жететін инвардан жасайды. Өлшеу дәлдігі жер бетінде тікелей бөлу кезінде 1:1000-нан 1:3000-ға дейін, өлшеудің басқа әдістерінде 1:20000 және одан жоғары болады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер