Баскүнжақ (орыс. Баскунчак) — Еділ алабындағы тұйық, тұзды көл. Ресейдің Астрахан облысында, Еділ өзенінен шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Аумағы 106 км². Көлдің қазаншұңқыры Үлкен тауының солтүстігінде, теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Басқұншақ көлі Үлкен және Кіші таулары етегінен шығатын тұзды бұлақ суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен толығады. Жазда суының булануынан көлдің бетінде жұқа тұз қабаты (5 — 6 см) пайда болып, ол бұрынырақ түзілген ұсақ кристалды, қатпарлы тұз қабаттарын толықтырады. Ал, одан төменіректе (0,5—12 м) жоғары сапалы ірі кристалды тұз қабаттары бар. Көлден 19 ғасырдың орта тұсынан бері тұз өндіріледі.
Баскүнжақ орыс. Баскунчак | |
Баскүнжақ пен Боғдо | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | -21,6 м |
Өлшемі | 18 × 13 км |
Ауданы | 106 км² |
Тереңдігі | 3 м |
Гидрология | |
Судың тұздылығы | 300 ‰ |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 467 км² |
Құятын өзен | |
Орналасуы | |
48°11′00″ с. е. 46°53′00″ ш. б. / 48.1833° с. е. 46.8833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°11′00″ с. е. 46°53′00″ ш. б. / 48.1833° с. е. 46.8833° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Ресей |
Аймақ | Астрахан облысы |
Аудан | Ақтөбе ауданы |
Баскүнжақ Ортаққорда |
Этимологиясы
Көлдің атауы — түркі тілден шыққан, «күн, күнгей», «жарқын» деген мағыналарға жақын. Мөлшерлеп айтқанда оған жақын орналасқан қасиетті тауымен байланысты.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- Поспелов Е. М. Баскүнжақ // Дүниежүзінің географиялық атаулары. Топонимикалық сөздік: / Р. А. Агеева — Мәскеу: Русские словари, 1998. — Б. 57. — 503 б. — 3000 таралым. — .
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер