Богатырь мұздығы – Іле Алатауындағы қазаншұңқырлы мұздық.
Богатырь мұздығы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Түрі | Қазаншұңқырлы мұздық |
Ауданы | 29,8 км² |
Ұзындығы | 8,7 км |
Орналасуы | |
43°00′53″ с. е. 77°16′08″ ш. б. / 43.01472° с. е. 77.26889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°00′53″ с. е. 77°16′08″ ш. б. / 43.01472° с. е. 77.26889° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Географиялық орны
Алматы облысы, Талғар ауданы жерінде, Шілік өзенінің саласы – оңтүстік-шығыс Талғардан басталатын Жусанды Күнгей жотасы мен оның сілемі – Есік шоқысының аралығында.
Аумағы
Жалпы ұзындығы 9,1 км, ашық бөлігінің ұзындығы 8,7 км. Мұздықтың ауданы 29,8 км2, морена жапқан бөлігін қоса есептегенде 30,3 км2, көлемі 4,50 км3 (1971 жылы). Ең биік жері 4580 м, етек жағы 3420 м биіктікте. Богатырьдан 3 өзен басталады. Мұздық жылына 7,7 м шегінуде, 1927 – 30 жылдары Богатырь мұздығы 84 м шегінді. Соңғы кездегі бақылаулар да мұздықта шегінуі тоқтамағанын дәлелдеді. Мұздықты тұңғыш рет С.Е.Дмитриев ашып, зерттеген (1909-1910 жылдары). Мұздықтың оңтүстігінде Жусанды Күнгей, солтүстігінде Шокальский мұздықтары жатыр.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер