Боқтыбай – Мұғалжар тауының оңтүстігіндегі ең биік шоқы (657 м).
Боқтыбай тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 7 км |
Ені | 4 км |
Биіктігі | 657 м |
Орналасуы | |
48°28′01″ с. е. 58°29′14″ ш. б. / 48.46694° с. е. 58.48722° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°28′01″ с. е. 58°29′14″ ш. б. / 48.46694° с. е. 58.48722° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Біршоғыр станциясынан батысқа қарай 17 км жерде орналасқан.
Геологиялық құрылымы
Девон жүйесінің порфирит, туф, алевролиттерінен түзілген. Ұзындығы 7 км, ені 4 км-дей.
Жер бедері
Беткейлері тік, етегінде қорымтас үйінділері кездеседі. Сай-жыралармен тілімденген.Тау етегінен Шетырғыз, Қауылжар өзендері бастау алады.
Өсімдігі
Таудың қызғылт қоңыр топырақты жерінде бетегелі қау, далалық өсімдіктер өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы