Бөгетсай асбест кен орны - Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі антофиллит-асбест кен орны. 1964 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
Бөгетсай асбест кен орны Мұғалжар мегантиклинорийіндегі Талдық антиклинорийін құраушы прекембрийлік гнейс қабаттарына енген карбонаттанған, тальктенген, метаморфтанған ультранегізді жыныстарда орналасқан. Антофиллит-асбест кентастары ірі гипербазиттердің шет жағындағы вермикулит-антофиллит-тальк, тальк-антофиллит жыныстарында шоғырланған.
Жатыс сипаты
Кен денелері линза, таспа пішінді. Олардың қалыңдығы 1 м-ден 48 м-ге, тереңдігі 5 м-ден 110 м-ге дейін, ендік бағытта 12 -250 м-ге созылады. Кен орнында 11 өндірістік кен денесі бар. Кентастың үгілген және баяу үгілетін түрлері кездеседі, олар жақсы байытылады. Асбест талшықтарының ұзындығы 5-6 см-ге дейін жетеді. Кентастағы талшықтың шығымы 74-93%. Асбестің қышқылға төзімділігі 5,92-10,2%, топырақ қоспасы 2,5-8,0%.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |