Диапауза (грек. dіapausіs – үзілу, кідіру) – жануарлар дамуының белгілі бір кезеңінде зат алмасу, т.б. тіршілік процестерінің бәсеңдеп, организм дамуының кідіруі. Көптеген жануарларда Диапаузаның басталуы және аяқталуы күн ұзақтығына, темп-раға байланысты. Коловраткаларда, төм. сатыдағы шаянтәрізділерде, шегірткелерде, тұт жібек көбелегінде, кейбір кемірушілерде, жыртқыштарда (бұлғын, қара күзен) ұрықтанған аналық клетканың бөлшектенуіне дейін эмбриондық Диапауза болады. Дернәсілдік Диапауза долана көбелегінің, қуыршақтық Диапауза қараала көбелек пен капуста қоңыр көбелегінің дамуында кездеседі. Бұлардың қуыршағы ағашта және топырақ арасында қыстап шығады. Масаларда, жапырақ жегіш қоңыздарда Диапауза имагосатысында байқалады. Диапауза кезінде организмнің қолайсыз жағдайларға төзімділігі артады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер