Жуантамыр (лат. Rindera) – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның тау баурайлары мен тасты шатқалдарында, далалы аймақтары мен құмды жерлерінде өсетін 6 түрі бар, соның ішінде өте сирек кездесетін, эндемик түрі – ақсары жуантамыр (R. ochroleuca). Биіктігі 60 см-дей. Ұзынша жапырақтары (ұзындығы 20 см, ені 3 см-дей) қырлы, тік сабағының түбінде орналасады. Тостағанша және күлте жапырақтарының негізі кірігіп, түтік түзеді. Гүлі ақсары түсті. Гүлшоғыры жұмсақ, бос, толық жетілгенде жазылып, сыпыртқы гүл шоғырына ұқсап тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – 4 жаңғақша. Ақсары Жуантамырдың жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Жуантамыр | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
28 түрі белгілі |
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер