Зайсан Артезиан Алабы, мен арасында орналасқан, ауданы 30 мың км² жуық қазаншұңқырды қамтитын жер асты суы бар өңір. Алаптың батысы мен оңтүстігінде, көбінесе, арынсыз жер асты суы тараған. Олар құм аралас дөңбектасында, малтатасында және таза құмда шоғырланған. Жер асты суларының жалпы тереңдігі 100 – 120 м, Зайсан көлінің маңында 3 – 5 м. 1,2 – 1,5 г/л, ұңғымалардың 1 – 5 л/с. Оңтүстік Зайсан маңында 120 – 150 м тереңдікте орналасқан жоғарғы плиоцен шөгінділеріндегі жер асты сулары арынды. Олар саз қабатшаларымен бөлінген малтатас пен құмда шоғырланған. Су қабаттарының жалпы қалыңдығы 2 – 15 м. Судың минералдығы 0,3 – 0,8 г/л. Ұңғы-малардың су өнімділігі 3 – 7 л/с. Жер асты су алабының солүстік. бөлігіндегі жоғарғы және палеоген-неоген шөгінділерінде қалыңдығы 1 м-ден 10 – 15 м-ге дейін жететін үш сулы қабат бар. Алаптың шет жағындағы тереңдігі 300 м, ортаңғы бөлігінде 1200 м. Судың минералдығы 0,3 – 1,0-ден 3 – 8 г/л-ге дейін, өнімділігі 0,2 – 3,0 л/с. Зайсан артезиан алабының суы елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, жер суаруға пайдаланылады.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |