Сарбас тәрізді қыдық (лат. Sophiopsis sisymbrioides) – орамжапырақтар тұқымдасы, қыдық туысына жататын бір, екі жылдық өсімдік.
Сарбас тәрізді қыдық | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||
Sophiopsis sisymbrioides |
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 20-50 см.
- Сабағы тік, қатты бұтақталған, мақта тәрізді үлпілдек түк басқан.
- Жапырақтары қос қауырсынды, төменгі және ортаңғы жапырақтарының ұзындығы 4-4,5 см, ұзын сағақты. Төбе жапырағының ұзындығы 1 см-ге дейін қысқа сағақты. 3-4-тен және төбе жапырақтары 1-2-ден жұп болып топтасқан, бөліктері ұзынша жұмыртқа тәрізді.
- Гүлшоғыры - қысқа, қалқан тәрізді, көп гүлді. Сарғыш түсті тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 2-2,5 мм. Күлтесі ақ, ұзындығы 3-3,5 мм, ені 1-1,5 мм. Бұршаққынының ұзындығы 5-7 мм, ені 1-2 мм, қандауыр немесе эллипс тәрізді. Маусым айында гүлдейді.
Өсетін орны мен таралу аймағы
Қазақстанда Қызылорда облысында, Балқаш-Алакөл алабында, Түркістан өңірінде, Жетісу (Жоңғар), Теріскей және Іле Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Өсетін орны - таудың тастақты беткейі, өзен жағалауы, тақтатасты жерлер.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер