Сүңгуір үйректер (лат. Aythya) – қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс.
Сүңгуір үйректер | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Алакөз сүңгуір (Aythya nyroca) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Түрлері | ||||||||||||||
12 түрі |
Негізінен Солтүстік жарты шардың және суық белдемдерін мекендейтін 7 түрі бар. Қазақстанда 4 түрі:
- алакөз сүңгуір үйрек. (A. nyroca) – Зайсанда, Іле – Шу атырабында, Сырдария өзендерінің аңғарларында;
- үйрек (A. ferina) (дене тұрқы 50 см-дей, салмағы 0,7 – 1,1 кг, қоразының басы және мойны жирен, арқасы көгілдір сұр түсті) негізінен республикамыздың солтүстік бөлігінде, Алакөл ойысында;
- (айдарлы сүңгуір) үйрек (A. fuligula) – Қазақстанның солтүстігінен оңтүстік-шығысына дейінгі жерлерде;
- (теңіз сүңгуір) үйрек (A. marila) кездеседі.
Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді. Әуесқойлық және кәсіптік жолмен ауланады.
Сүңгуір үйректер - су кұстарының туыс тобы, үйрек тұқымдастарына жатады. Артқы саусақтарында тері қалақтары болады, үйректің сүңгуіне мүмкіндік береді. Қызыл сүңгуір, қара тұрпаң кең таралған.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Aythya |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер