Теміртай Рымтайұлы Ізбастин (10 қыркүйек 1957, Баянауыл, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – қазақстандық дипломат, Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Теміртай Рымтайұлы Ізбастин | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
2009 — 9 желтоқсан 2022 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов Серік Ахметов Кәрім Мәсімов Бақытжан Сағынтаев Асқар Мамин Әлихан Смайылов | |||
Ізашары | Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов | |||
Ізбасары | Виктор Валерийұлы Темірбаев | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | 1. Алматы мемлекеттік медицина институты (1980) (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) 2. РФ СІМ Дипломатиялық академиясы (1999) 3. Алматы мемлекеттік университеті (2008) (қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) 4. София университеті (2015) | |||
Ғылыми дәрежесі | Философия докторы | |||
Мамандығы | Заңгер | |||
Дүниеге келуі | 10 қыркүйек 1957 (66 жас) Баянауыл, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы | |||
Жұбайы | Қарлыға Кемелқызы Ізбастина (Тоқаева) | |||
Балалары | ұлдары Қаныш (1981), Мұхамед (1983) және Бекет (1984) Ізбастиндер қызы Дана Медеуова (1978) | |||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
Арғын-Сүйіндік тайпасының қаржас руынан шыққан. 1957 жылдың 10 қыркүйегінде Павлодар облысының Баянауыл ауылында дүниеге келген.
1980 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 2015 жылы Болгарияның София университетін Ph.D дәрежесімен бітірді. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Еңбек қызметі
1994-1997 жылдары - Қазақстанның Мажарстандағы және Қытай Халық Республикасындағы елшіліктерінде қызмет етті.
1997-2001 жылдары - Германияның Дюссельдорф қаласындағы Қазақстан Республикасының консулы.
2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің консулы, кеңесшісі.
2005-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің бөлім жетекшісі, департамент директорының орынбасары, директор міндетін атқарушы.
2009-2019 жылдары - Қазақстанның Болгария Республикасындағы Дипломатиялық миссиясының басшысы.
2019 жылдың 1 қарашасынан 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Отбасы
- Үйленген, төрт баласы бар.
- Жұбайы, Қарлыға Кемелқызы Ізбастина (Тоқаева) (19.09.1956 жылы туған) — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әпкесі.
- Ұлдары: Қаныш, Мұхамед, Бекет.
- Қызы: Дана.
Дереккөздер
- Избастин Темиртай Рымтаевич (персональная справка). Информационная система ПАРАГРАФ. Басты дереккөзінен 31 шілде 2021.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қараша 2020.
- INFORM.KZ Темиртай Избастин назначен послом Казахстана в Болгарии (орыс.). www.inform.kz (1 ноября 2019). Тексерілді, 6 қараша 2020.
- Темиртай Избастин освобожден от должности посла РК Болгарии (орыс.). www.inform.kz (9 декабря 2022). Басты дереккөзінен 9 желтоқсан 2022.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 желтоқсан 2022.
- tengrinews.kz Темиртай Избастин назначен послом Казахстана в Болгарии (орыс.). Главные новости Казахстана - Tengrinews.kz (1 ноября 2019). Басты дереккөзінен 11 желтоқсан 2019.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қараша 2020.
- МИД прокомментировал назначение родственника Токаева. exclusive.kz. Басты дереккөзінен 31 шілде 2021.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қараша 2020.
- Избастин Темиртай Рымтаевич (персональная справка). Информационная система ПАРАГРАФ. Басты дереккөзінен 1 шілде 2022.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 1 шілде 2022.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер