Фатхнама, “Фатх-и Хани" (“Жеңіс кітабы немесе жеңіс жыры”) – Мұхаммед Шайбани ханның ерлік жолын өлеңмен баяндайтын тарихи . Еңбектің авторы Шайбанидың замандасы – Шади. Шығарма Шайбани ханның тірі кезінде, оның тікелей тапсырмасымен жазылған. “Фатхнама” жеке тақырыптармен берілген 74 немесе 78 шағын тараудан және қорытындыдан тұрады. Еңбекті тұңғыш рет ғылыми жүйеге қосқан академия В.В. . Одан кейін шығарманы көптеген зерттеушілер тарихи дерек ретінде пайдаланды. Еңбектің Қазақстан тарихын қамтитын тараулары Қазақ КСР-і ғылым академиясының шығарған “15 – 18 ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы туралы материалдар” атты кітапқа енгізілген. Шығарманың қолжазбалары Санкт-Петербургте, Ташкентте және Душанбеде сақтаулы. “Фатхнама” атты бұдан басқа да бірнеше тарихи, әдеби шығармалар бар (белгісіз автордың, “Иран мен Ресейдің соғысы (1804 – 1813) және 1813 жылғы Гүлстан бейбітшілік шарты”, поэмасы, мұнда Қарабағанның билеушісі Амир Баїадүр Хаджи ханның (1832 – 1839) ерлігі жазылған.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер