Цилиндр (көне грекше: κύλινδρος — білік, цилиндр)
- цилиндр немесе цилиндрлік бет — берілген бағытқа және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны;
- тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене . Егер Цилиндрдің табандары оның жасаушыларына перпендикуляр болса, онда ол тік Цилиндр деп аталады. Табандары дөңгелек болып келген тік Цилиндрді тік дөңгелек Цилиндр не дөңгелек Цилиндр деп атайды . Мұндай Цилиндрдің көлемі V=πr2h-қа, ал бүйір беті S=2πrh-қа тең, мұндағы r — Цилиндр табанының радиусы, h — Цилиндр биіктігі. Цилиндрдің табанына параллель емес жазықтықпен қиылған бөлігін қиылған Цилиндр деп атайды . Қиылған дөңгелек Цилиндрдің көлемі ,
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWxMMlV4TDBONWJHbHVaR1Z5WDJkbGIyMWxkSEo1TG5OMlp5OHhNREJ3ZUMxRGVXeHBibVJsY2w5blpXOXRaWFJ5ZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
h1, h2 — Цилиндрдің ең үлкен және ең кіші жасаушыларының кесіндісі.
Көлікте қолданылатын цилиндрлердің түрлері
- Тежеуіштің негізгі (басты) цилиндрі - поршеннің механикалық қозғалысын тежеуші тетіктеріне жіберілетін сұйықтың қысым күйіне түрлендіретін цилиндр.
- Қозғауыш цилиндрі - қозғауыштың поршенінің жұмыс процесі өтетін цилиндр.
- Екі жолды цилиндр - екі өздігінен жүретін тежеуіш контурына әсер ететін, екі бөлек поршендерден тұратын басты тежеуіш цилиндр.
- Жұмыстық тежеуіш цилиндр - цилиндр түріндегі тежеуіш жетегінің белгілі, басты тежеуіш цилиндрден сұйық тобына берілген поршень цилиндрі.
Цилиндроид
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHhMekUyTDBKc2RXVmZZM1YwTFdONWJHbHVaR1Z5TG1kcFppOHhOVEJ3ZUMxQ2JIVmxYMk4xZEMxamVXeHBibVJsY2k1bmFXWT0uZ2lm.gif)
Цилиндроид (гр. kylindros - цилиндр және eides — тәрізді) — бағыттаушылар деп аталатын екі қисық сызықпен қиылысатын және параллелизм жазықтығы деп аталатын жазықтыққа орналасатын түзулердің жиыны анықтайтын бет.
Цилиндрлер блогі
Цилиндрлер блогі- бірнеше цилиндрлардың бір тұтас байланысуы.
Қиық цилиндр
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2TXk4ek15OGxSRElsT1VFbFJEQWxRamdsUkRFbE9FSWxSRElsT1VKZkpVUXhKVGcySlVRd0pVSTRKVVF3SlVKQ0pVUXdKVUk0SlVRd0pVSkVKVVF3SlVJMEpVUXhKVGd3TG1wd1pXY3ZNakl3Y0hndEpVUXlKVGxCSlVRd0pVSTRKVVF4SlRoQ0pVUXlKVGxDWHlWRU1TVTROaVZFTUNWQ09DVkVNQ1ZDUWlWRU1DVkNPQ1ZFTUNWQ1JDVkVNQ1ZDTkNWRU1TVTRNQzVxY0dWbi5qcGVn.jpeg)
Қиық цилиндр – цилиндірдің емес жазықтың қиған бөлігі. Дөңгелек қиық цилиндрдің көлемі.
бетінің ауданы, (bb-бүйір беті) толық бетінің ауданы
, (mb-толық беті)
Мұндағы - табанындағы шеңбердің радиусы,
және
- сәйкес түрде цилиндрдің ең ұзын және ең қысқа кесіндісі.
Дереккөздер
- Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
- Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- "Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер