Қаратай әулеті- көрнекті, саясат, мәдениет қайраткерлері шыққан тұқым. Арғы аталары Әбілқайыр ханнан басталады. Әбілқайырұлы Нұралы хан баласы бір ұлы Бақытжан Қаратаев 20 ғасырдың басында ірі қоғам қайраткері ретінде танылған. Оның екі баласы Орал нақты білімдер (реалды) гимназиясын, Орынборда әскери училищесін бітіріп, өзара қарсы екі саяси топта кызмет етті: Мұрат Қаратаев Алаш қозғалысына қатысты. Батыс Алашорда милициясы кұрамында шайқасып, азамат соғысы жылдары қаза тапты; Шәміл Қаратаев кеңестік қазақ қосыны құрамында Батыс Қазақстанды ақтардан азат етісіп, көп жылдар Қазақ ұлттық атты әскер полкінің комиссары болды. осы ұлттық әскери қосынның Қазақстанның ескі астанасынан (Қызылорда) жаңа астанасына (Алматы) дейін жасаған жорығын басқарды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. інісі Императорлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітіріп, төңкеріске дейін Қазанда, Оралда кұқық жүйесінде қызмет еткен. Кеңес дәуірінде ол да қуғын-сүргін кұрбаны болды. Тағы бір туған інісі Патшалық Ресей тұсында білім алып, жоғары қызмет істеген зиялы азамат атанды. Орал қаласының полиция бастығы (обер-полицмейстер) лауазымына дейін көтерілген. Ескі тәртіптің құлауына байланысты қызметтен кетіп, жеке меншік шаруашылығгымен шұғылданған. Атақты бай және бұрынғы патшалықтың қызметкері ретінде тәркіленіп, Алматы округінің Ащыбұлақ (қазіргі Алматы қаласы маңы) деген жерге жер аударылған. Қызы 20-30 жылдары қазақ зиялы қыздарының көрнекті бір өкілі болған, саяси қуғын- сүргін науқаны кезінде Алматы түрмесінде атылды. Қаратай әулетінен бірқатар өнерпаздар да шыққан. Қаратай сұлтанның Мерәлі деген ұлынан әйгілі әнші-сазгер, ақын Мұхит дүниеге келді. Оның ұрпақтарының да бірқатары өнерден өз орындарын алды: Лұқпан Мұхитов белгілі әнші, домбырашы, ұстаз болды; (1896-1944) сазгер, әнші, Мұхит әндерін алғаш айтып, нотаға түсірткен тілші болды. Ол қайраткері, Алаш әскерінің офицері ретінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Құбыш Мұхитов (1928 жылы туған) күйші, ұстаз, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның профессоры, Шайхы Қаратаев (1890-1922) әнші, сазгер, күйші болған, атасы Мұхиттың әндерін Ғарифолла Құрманғалиевке үйреткен. Қаратай сұлтанның деген баласынан тараған ұрпақтан әнші-сазгер Шынтас Қаратаев (1884-1948), домбырашы, күйші (1901-38) шыққан. Шынтас - Мұхиттың әндерін сазгердің өзінен үйреніп, ел ішіне таратқан, әйгілі «Он алты қыз» әнін шығарған өнерпаз. қазіргі Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрін құрушылардың бірі, республикалық филармониясының әншілер мен бишілер тобына кеңесшісі, осы өнер ұжымы басшысының 30-жылдардағы орынбасары болған. Қаратай әулетінің аталас ағайындары, Нұралы ханның тағы бір баласы Бөкей ханнан тараған ұрпақ ішінде де саясат, ғылым, өнер, мәдениет қайраткерлсрі көп; қ. Бөкей әулеті.
Дереккөздер
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер