Атжайлау – Жетіжол жотасының солтүстік-батысындағы Кіндіктас сілемінде орналасқан таулы массив.
Атжайлау тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 35 км |
Ені | 15-17 км |
Биіктігі | 2405 м |
Орналасуы | |
43°16′30″ с. е. 75°19′42″ ш. б. / 43.27500° с. е. 75.32833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°16′30″ с. е. 75°19′42″ ш. б. / 43.27500° с. е. 75.32833° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Жамбыл облысы Қордай ауданы жерінде орналасқан. Солтүстік бөлігі Алматы облысының Жамбыл ауданында.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2405 м. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа және шығысқа қарай 35 км-ге созылып жатыр, ендірек жері 15-17 км. Жер бедері орта таулық, оңтүстік, оңтүстік-батыс беткейлері тіктеу жартасты келген. Таудың бұл тұсынан Ырғайты және Батыс Ырғайты өзендері бастау алады. Солтүстік беткейлері көлбеуленіп Қопа жазығына (аңғарына) ұласып жетеді. Таудың шығыс баурайынан Шығыс Ырғайты өзені басталады.
Геологиялық құрылымы
Негізінен тас көмір кезеңінің кристалдық тақтатасынан, гнейстен және гранитоидтардан түзілген.
Өсімдігі
Атжайлау тауының оңтүстік беткейлерінде бидайық, тарғақ шөп, бозшағыл, етегінде жусан, көкпек, баялыш, теріскен, күйреуік өскен. Жоғарғы белдемінде бұта шоқтары аралас орман кездеседі. Атжайлаудың баурайы мал жайылымына пайдаланылады. Батыс бөлігінде Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр елді мекендері орналасқан.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы I том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер