Хавьер Педро Савиола (ис. Javier Pedro Saviola; 11 желтоқсан 1981, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, футзалшы, шабуылшы. 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.
Хавьер Савиола | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | 11 желтоқсан 1981 (42 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 168 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | шабуылшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Карьерасы
Клубтық
2001 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының үздік мергені және үздік футболшысы атанған соң, "Барселона" 36 млн еуроға "Ривер Плейттен" сатып алды. 2001/02 маусымда 17 гол соғып, жақсы нәтиже көрсетті.
2004 жылы клубтағы мықты шабуылшылардың көптігінен, негізгі құрамнан ысырылып, "Монакоға" арендаға кетті. 2004/05 маусымда Франция чемпионатында 7 гол ғана соғып, көп көңілінен шықпады. 2005 жылы жазда "Барселонаға" қайта оралды. Бірақ каталондық клубтың бапкері Франк Райкард оның көмегін керексінбеді де, футболшы "Севильяға" жалға кетті.
2006/07 жылғы маусымды "Барселона" сапында өткізді. Бірақ 18 кездесуде 5 гол ғана соқты. 2007 жылы жазда клубтан түпкілікті кетіп, "Реал Мадридке" ауысты.
Кейін түрлі клубтарда ойнап, 2016 жылы карьерасын аяқтады.
2018 жылы Андорраның "Энкам" мини-футбол клубына қосылды.
Халықаралық
2004 жылы Америка кубогына, 2005 жылы Конфедерациялар кубогына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық
«Ривер Плейт»
- Аргентина чемпионы: Апертура 1999, Клаусура 2000
- Либертадорес кубогы: 2015
«Севилья»
- УЕФА кубогы: 2005/06
«Реал Мадрид»
- Испания чемпионы: 2007/08
«Бенфика»
- Португалия чемпионы: 2009/10
- Лига кубогы: 2009/10, 2010/11, 2011/12
«Олимпиакос»
- Грекия чемпионы: 2013/14
Аргентина
- Әлем чемпионы (20 жас): 2001
- Олимпиада чемпионы: 2004
Жеке
- Аргентина чемпионатының үздік мергені: Апертура 1999
- Оңт Американың жыл футболшысы: 1999
- Әлем чемпионатының үздік мергені: (20 жас) 2001
- Әлем чемпионатының үздік ойыншысы (20 жас) 2001
Дереккөздер
Сілтемелер
- Профилі 6 ақпанның 2010 жылы. (ағыл.)
- Guardian Stats Centre 11 мамырдың 2011 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер