Қайрат Нематұлы Келімбетов (28 қаңтар 1969 жыл Алматы қаласы ) — Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Ұлттық Банк төрағасы (10.2013).
Қайрат Нематұлы Келімбетов | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
2012 жылдан бастап | |||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||
Премьер-Министр | Серік Ахметов | ||
| |||
11 қазан 2013 | |||
Премьер-Министр | Серік Ахметов | ||
Ізашары | Григорий Марченко | ||
| |||
11 сәуір 2011 — 20 қаңтар 2012 | |||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | ||
Ізашары | Жанар Айтжанова | ||
Ізбасары | Бақытжан Сағынтаев | ||
| |||
28 тамыз 2002 — 18 сәуір 2006 | |||
Премьер-Министр | Иманғали Тасмағамбетов | ||
Ізашары | Мәжит Есенбаев | ||
Ізбасары | Кәрім Мәсімов | ||
Өмірбаяны | |||
Партиясы | Аманат | ||
Білімі | Мәскеу мемлекеттік университеті | ||
Мамандығы | кибернетика | ||
Дүниеге келуі | 28 қаңтар 1969 (55 жас) Алматы, Қазақстан | ||
Әкесі | Немат Келімбетов | ||
Жұбайы | Фатима Тоқмұхамедқызы Келімбетова | ||
Балалары | Қызы Нематова Шынар (1991); ұлы Нематов Айсұлтан (1993) | ||
Марапаттары | | ||
өңдеу |
Биографиясы
Шанышқылы руынан шыққан.
Білім алуы
- 1986 ж. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік белгімен бітірген.
- 1993 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген, математик. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген.
- 1993 ж. бастап әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты.
- 1994—96 жж. жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетінде оқыған.
- 1995—96 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің тыңдаушысы.
- 1999 ж. АҚШ-та Джорджтаун университетінде оқыған.
Қызмет жолы
- 1996 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы.
- 1996—97 жж. — әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі.
- 1997—98 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары.
- 1999—2001 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы.
- 2001 ж. маусым — 2002 ж. тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі болған.
- 2002 ж. тамыздан бастап — .
- 2006 жылдың сәуірінен бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
- 2008 ж. қаңтардың 23 - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
- 2008 ж. қазанның 13 - басқарма төрағасы болып тағайындалды.
- 2011-2012 жж. - Экономикалық даму және сауда министрі
- 2012 жылы - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
- 01.10.2013-02.11.2015 жылдары - Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы.
Марапаттары
- «Парасат» ордені (2010)
- «Құрмет» ордені (2005)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» медалі (2001)
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005)
- «Қазақстан Парламентiне 10 жыл» медалі (2006)
- «Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» медалі (2011)
- 1 дәрежелі «Еуразия экономикалық одағын құруға сіңірген еңбегі үшін» медалі (13 мамыр 2015, Еуразия экономикалық одағының Жоғарғы кеңесі)
Отбасы
Қайрат Келімбетов үйленген, жұбайы - Фатима Тоқмұхамедқызы Келімбетова. Отбасында үш бала тәрбиелеуде.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты 12 маусымның 2012 жылы.
- Шанышқылы: Ұрпақтар сабақтастығы. Алматы. Тоғанай баспасы. 2012. 492 бет. . Жауапты шығарушы Мырзахан Ахметов. Редакция алқасы: Тілеуқұл Өмірзақов, Әбдуәлі Данай және тб. 1,2 кітап.
- Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер