Он екіліктер (араб.: الإثنى عشرية әл-исна ′ашария) — Әли ибн Әбу Талиб әулетінен тараған, бірін-бірі жалғастырған 12 шиит имамдардың атауы.
Бұл атау ең соңғы 12 жас имам «ғайып» болып, шиит-имамилер таныған бірқатар имамдардың билік құруы аяқталған соң 873—874 жылдары пайда болды.
Он екі имам
Әл-Исна Ашария шииттерінің он екі имамы:
- Әли ибн Әбу Талиб, шииттер оны «Мұртаза» атайды; 661 жылы қайтыс болған.
- Хасан ибн Әли ибн Әбу Талиб; шииттер оны «Муджтаба» атайды; Мединеде 669 жылы қайтыс болған.
- Хусәйн ибн Әли ибн ӘБу Талиб; шииттер оны «Шәһид» атайды; Кербалада 680 жылы қайтыс болған.
- Әли ибн әл-Хусәйн ибн Әли; шииттер оны «Зәйн әл-абидин» немесе «Сәджжад» атайды; Мединеде 713 жылы қайтыс болған.
- Мұхаммед ибн Әли ибн әл-Хусәйн; шииттер оны «Бақыр» атайды; Мединеде 732 жылы қайтыс болған.
- Джафар ибн Мұхаммед; шииттер оны «әс-Садиқ» атайды; 765 жылы Мединеде жылы қайтыс болған.
- Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шииттер оны «Казым» атайды; Бағдатта абақтыда 799 жылы қайтыс болған.
- Әли ибн Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шиитер оны «Риза» атайды; маңындағы Санабид мекенінде 818 жылы қайтыс болған.
- Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииитер оны «Тақий» немесе «Джәууад» атайды; Бағдатта 835 жылы қайтыс болған.
- Әли ибн Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииттер оны «Нақий» немесе «Һади» атайды; Самаррада 868 жылы қайтыс болған.
- Хасан ибн Әли ибн Мұхаммед; шиитер оны «Зәкий» немесе «Аскәри» атайды; Самаррада 873/874 жылы қайтыс болған.
- Мұхаммед ибн Хасан әл-Аскәри; шииттер оны «Мәһди» немесе «Худжжатул-қаим әл-Мунтазыр» атайды. Олардың сенімі бойынша ол һижри 256-шы жылы туылып, 260-шы жылы аспанға көтерілген. Содан кейін 329-шы жылы әкесінің үйіндегі жертөлеге кіріп, «ғайып» болып кеткен.
Дереккөздер
- Вероубеждения шиитов имамитов — Шейх Мамдух ибн Әли әл-Харби (орыс.)
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
Бұл — Ислам туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер