Сирек металдар — табиғатта аз, шашыранды әрі өндірілуі қиын металдар тобы.
- Физика-химиялық қасиеттерінің, өндіру технологиясының ұқсастығына, тағы басқа ерекшеліктеріне қарай сирек металдар жеңіл, баяу балқитын, шашыранды, жерде сирек кездесетін және радиоактивті түрлерге бөлінеді.
- Жеңіл сирек металдарға литий, рубидий, цезий және бериллий жатады.
- Бұлардың тығыздығы 0,54 — 1,87 г/см3 аралығында, химиялық активтілігі жоғары.
- Сипаттамалары мен өндіру тәсілдері бойынша жеңіл түсті металдарға ұқсас.
- Баяу балқитын сирек металдарға кейбір ауыспалы металдар (титан, цирконий, гафний) жатады.
- Бұлардың балқу t жоғары (мысалы, титан 1670С-та, вольфрам 3410С-та балқиды).
- Шашыранды сирек металдар (галий, индий, таллий, германий, селен, теллур, рений) көбінесе басқа элементтер минералдарының құрамындағы қоспалар ретінде кездеседі.
- Жерде сирек кездесетін сирек металдар (скандий, натрий, лантан және лантаноидтар) химиялық қасиеттерінің ұқсастығымен сипатталады.
- Радиоактивті сирек металдарға франций, радий, актиний, торий, уран, плутоний және басқа да трансурандық элементтер мен полоний, технеций жатады.
- Сирек металдар кентас концентратынан тікелей қорытылмай, таза химиялық қосындыларды тотықсыздандыру арқылы кешенді түрде өндіріледі.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — геология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер