Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы — әскери құрамандығы 1941 ж. шілде — тамыз айларында Ақтөбе қаласында жасақталып (командирі А.Ф. Наумов), майданға жөнелтілді. Дивизия құрамы Ақтөбе, Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстары азаматтарынан құралғанымен, көпшілігі ақтөбеліктер (6654 адам) болды. Дивизия қазан — қараша айларында Солтүстік-Батыс майданның 52-дербес армиясының құрамында Калуга облысы бағытында кескілескен ұрыстарға қатысып, неміс-фашист әскерлерінің Мәскеуге жасаған шабуылына тойтарыс берді. Дивизия бөлімдері көп шығынға ұшырап, 11 қазанда Мәскеу әскери округінің құрамына кірді. Кейіннен Батыс майданына қарасты 43-армияның құрамында болды. Батыс майданы қолбасшысының 23 қазандағы бұйрығы бойынша 312, 17, 58-атқыштар дивизиялары біріктіріліп, ол Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы деп аталды. Мәскеу түбіндегі ауыр ұрыстардан кейін бұл дивизия да басқа құрамалармен біріктіріліп, 1941 ж. 27 желтоқсаннан 53-дивизия деп аталды. Бұл дивизияның 12-атқыштар полкі қазақстандықтар болды. Ол Харьков түбіндегі шайқасқа, Днепрден өтуге, Украина, Румыния мен Венгрия жерлеріндегі шайқастарға қатысып, соғысты Австрия астанасы аяқтады.
- Үш жүз оныншы атқыштар дивизиясы
- Үш жүз он төртінші атқыштар дивизиясы
- Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясы
- Үш жүз сексен жетінші атқыштар дивизиясы
- Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер