Тишин полиметалл кен орны - Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде. 1958 жылы ашылған. Кен орнын А.А. Малыгин, В.В. Попов, Б.В. Беспаев, Э.С. Төлеубаев, т.б. ғалымдар зерттеген.
Геологиялық құрылымы
Кен орны Кенді Алтайдың солтүстік-шығыс мыжылу белдемінің батыс тармағы саналатын Кедров-Бутачиха жаншылу белдемінің ендік Лениногор грабен-синклиналімен қиылысқан жерінде орналасқан. Ол девон кезеңінің кентас сыйыстырушы тау жыныстары альбитофирлердің, диорит-порфирлердің, габбро-диабаздардың көптеген дайкаларымен қиылған жанартаутекті тау жыныстарынан қалыптасқан. Кен денесі ендік бағыттағы мыжылу белдемдерімен көмкерілген.
Жатыс сипаты
Негізгі кен шоғыры ильинск және сокольный подсвиталарының жанасқан жерінде пайда болған ұзындығы 1 км-ден жоғары, ені 200 м-ге созылып жатқан гидротермалдық өзгерген тау жыныстары белдемінен орын алған. Екі (Негізгі және Солтүстік-батыс) телімге бөлінген.
Минералдануы, құрамы
Минералдары: сфалерит, галенит, халькопирит, пирит. Мысалы, қорғасын, мырыш металдарының өзара қатынасы 1:2,6:12. Пайдалы қоспалары – алтын, күміс, кадмий, селен, теллур. Кентас ашық және шахта әдістері бойынша өндіріледі. Аса ірі кендерге жатқызылады.
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер