Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — ағаштан не жезден жасалған және музыка аспаптардағы орындаушылар ұжымы.
Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі әр қилы жағдайда — концерт залдарында, ашық ауада, марштарда пайдаланылады. Сондай-ақ мәдени-көпшілік, қоғамдық, спорт, салтанатты мейрам-той жиындарын өткізуде кеңінен қолданылады. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — көпшілікке кеңінен тараған музыкалық ұжымдардың бірі.
Тарихы
Yрлемелі және соқпалы музыкалық аспаптар тобы б.з.б. Ежелгі Египет, Иран, Грекия, Қытай, елдерінде салтанатты діни жиындарда және әскери жорықтарда қолданылған. Еуропада XVII ғасырда пайда болды; ал Ресейдің әскери полктеріне тұңғыш рет XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында енгізілді. XIX ғасырда жетілдірілген үрлемелі музыкалық аспаптардың пайда болуы Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің орындаушылық қабілетін кеңейтті. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің мүмкіндігін өз шығармаларында Л.Бетховен, Г.Берлиоз, М.И. Глинка, Н.А. Римский-Корсаков, (А.А. Алябьев), т.б. композиторлар кеңінен пайдаланды. XX ғасырда Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің 3 түрі (кіші, орташа, үлкен) қалыптасып, кейбір үлгілі және мемлекеттік Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі құрамында 80 — 100 орындаушыға дейін болды. Оның құрамына ағаштан жасалған музыкалық аспаптар (флейта, гобой, кларнет, саксофон, фагот), жезден жасалған музыкалық аспаптар (валторна, труба, тромбон, , баритон, бас және контрабас) және соқпалы музыкалық аспаптар тобы кіреді. Кейде үлкен оркестр құрамында арфа, рояль, , қоңырау, , , , т.б. музыкалық аспаптар да пайдаланылады. Ол мәдениет сарайлары мен муз. насихаттау кештерінде, көркемөнерпаздар үйірмелерінде қойылатын опера, балет, драма спектакльдер мен концерттерде, т.б. қолданылады.
Қазақстанда
1990 жылы жанынан үрлемелі аспаптар оркестрі құрылып, оның көркемдік жағын Қ.Ахметов басқарды. Бұл ұжым Франция мен Испанияда өткен үрлемелі музыка , ал 1998 жылы Тайваньда өткен Халықараралық музыка фестиваліне қатысты. Қазақтың мемл. үрлемелі оркестрі репертуарынан Е.Рахмадиев, Б.Баяхунов, Ә.Бестібаев, , , т.б. композиторлардың шығармалары елеулі орын алады.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер